Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Астанада Д.Кэмерон мемлекет басшылығының қабылдауында болып, Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен келіссөздер өткізеді.
Сапар аясында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ өзекті өңірлік және халықаралық тақырыптарды талқылау жоспарланып отыр.
Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады деген жоспар бар.
Бұған дейін Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Дэвид Кэмеронның Тәжікстанға сапары туралы хабарланған болатын. Ал 22-23 сәуірде Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Лорд Дэвид Кэмерон қырғыз әріптесінің шақыруымен Қырғызстанға ресми сапармен баратынын жазған болатынбыз.