Қоғам
Trending

Депутаттар Бекзат Саттарханов атындағы облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің жұмысымен танысты

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов бастаған бір топ депутаттар Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты Б.Саттарханов атындағы облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің тыныс-тіршілігімен танысты.

Мекеменің жұмысын бақылауға облыстық мәслихаттың депутаттары Алмас Сәлімов, Ғалымжан Елшібай, Қайрат Салыбек, Уәлихан Рахиев, Бахыт Басымбек, Ханай Әшірбеков, Ғани Райымбеков қатысты.

Мекеменің іргетасы 1964 жылы бой көтерген. Жалпы алаңы 8305 шаршы метрді құрайды. Негізгі бағыты облыстық құрама командалар үшін, Қазақстан Республикасы құрама командаларының жасөспірімдер — жастар және негізгі құрамы үшін спорт резерві — спортшыларды дайындау.

Аралау барысында депутаттарға спортшыларлың дайындығы мен мекемедегі бірқатар өзекті мәселелер таныстырылып, ұсыныстар айтылды.

Аралаудан кейін арнайы отырыс ұйымдастырылып, Б.Саттарханов атындағы облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің директоры Зангар Каскаев баяндама жасады.

Жиын соңында облыстық мәслихаттың төрағасы Нұралы Әлмаханұлы спортшылардың жеке қабілеттерін жан-жақты дамыту, спорт түрлерімен шұғылдану үшін қолайлы жағдай жасау маңызды екенін атап өтті. Депутаттар мекеменің мәселесі басты назарда болатынын жеткізді.

 

TuraNews

Back to top button