Денсаулық

ДЕНСАУЛЫҚ – ЗОР БАЙЛЫҚ

Халықтың денсаулығы, медицина саласының дамуы қашан да маңызды фактор. Әрбір азамат тұрғылықты жеріне және материалдық жағдайына қарамастан, қажетті кәсіби медициналық көмекті алуы керек. AMANAT партиясының көздеген мақсаты осындай. Бұған жету жолында таяуда бес жыл ішінде жүзеге асырылатын іс-шаралар «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында көрсетілген.
Бүгін AMANAT партиясының облыстық сайлауалды штабының бір топ мүшелері №2 облыстық аурухана ұжымымен кездесуде денсаулық сақтау саласына қатысты мәселелерді кеңінен талдады.
Қолжетімді, сапалы медицина – бәрі үшін. Осы маңызды межеге жету жолында мамандар даярлайын гранттар санын арттыру, ауылдардағы кадр тапшылығын жою, денсаулық сақтау нысандарын ашу туралы бастамалар AMANAT партиясының бағдарламасында айқындалған.
Осы мәселелер туралы айтып өткен облыстық штаб мүшелері қатысушылардың сауал, ұсыныстарын да тыңдады. Партия әр көтерілген мәселені назардан тыс қалдырмайтынын атап, алдағы уақытта жұмыс барысында пайдаланатынын жеткізді.
Жалпы, медицина саласына қатысты жаңашылдықтар нәтижесінде өмір сүру ұзақтығын арттыру жоспарлануда.

Тапсырыс беруші: AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалы
AMANAT партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатынан төленді

TuraNews

Back to top button