БастыДенсаулық
Trending

Денсаулық сақтау министрі Ұлытау облысында

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында министр алдымен Жезқазған және Сәтбаев қалаларындағы бірқатар денсаулық сақтау нысанын аралап, мекемелердің материалдық-техникалық базасымен танысты. 

Жұмыс сапары аясында министр кардиохирург, білікті маман Юрий Пямен кездесіп, аталған профессор жүректеріне ашық ота жасаған науқастардың қазіргі жағдайын білді және бұл отаның өңірдегі денсаулық сақтау саласындағы үлкен жетістік екендігін атап өтті.

Аралау жұмыстары барысында министр Ақмарал Әлназарова білікті кадрларды тартуды, оның ішінде онколог мамандарын шақыру жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтті.

Жұмыс сапары аясында Ұлытау облысының денсаулық сақтау жүйесіне қатысты кеңес өтіп, Ұлытау облысы әкімдігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және «Қазақмыс» корпорациясы арасында 2026–2029 жылдарға арналған өңірлік бағдарламаны әзірлеуге бағытталған үшжақты меморандумға қол қойылды.

Құжат медициналық ұйымдарды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау инфрақұрылымын жетілдіру, саланы цифрландыру, медициналық техникамен жабдықтау деңгейін арттыруды көздейді.

Сапар соңында министр Ұлытау облысының тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Сондай-ақ жергілікті БАҚ үшін брифинг өткізіліп, өңірдің денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған жұмыстар туралы мәлімет берілді.

TuraNews

Back to top button