Саясат

Дәулет Тұрлыханов Elorda Eco System-ге барды

Грек-рим стиліндегі кеңестік және қазақстандық балуан, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Дәулет Тұрлыханов сайлауалды штаб мүшелерімен бірге «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК-на барды.

Айта кетейік, кәсіпорын мемлекет меншігіндегі нөсер кәріз жүйелерін және қала маңындағы елді мекендерді күтіп ұстаумен, пайдаланумен, жөндеумен және реконструкциялаумен, сондай-ақ қауіпсіздікті; Астана бойынша тіршілікті қамтамасыз етумен айналысады.

«Мен ауыр жұмыстың не екенін жақсы білемін. Тек мен емес, замандастарымның көпшілігі ауылда өсіп, ер жеттік қой. Сондықтан, еңбек адамын қолдауға ерекше көңіл бөлемін. Жыл бойы 255 адам суағаралар мен арықтар желісін тазалайды. Әсіресе, көктем мен күзде жүктеме көбейеді. Бүгінде 51 км арық жүйелерінің 40 км тазаланып, күннің жылынуына дайын. Бұдан бөлек 610 шақырым суағар желісінде де жұмыстар жүргізілуде. Осы жүктемеге сәйкес төлемақы мен денсаулықты сақтау шаралары болуы тиіс деп есептеймін!», — деді Д. Тұрлыханов.

Үгіт-насихат кездесуі барысында кәсіпорын қызметкерлері ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Д. Тұрлыхановтың сайлауалды бағдарламасымен танысты. Сайлаушылар баяндаған барлық ескертулер мен ұсыныстар жазылып, әрі қарайғы жұмыста зерделенетін болады.

№1 бір мандатты округ бойынша ҚР Парламентінің Мәжілісі депутаттығына кандидаттың Сайлау қорының қаражатынан төленді.

TuraNews

Back to top button