Саясат

Дәулет Тұрлыханов Астана тұрғындарымен кездесті

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Дәулет Тұрлыханов өзінің сайлауалды штабының мүшелерімен бірге Астана қаласы көшелерінің тұрғындарымен кездесті.

Биші Қайың көшесіндегі үйлер 25 жыл болды қуаттылығы 110 мың вольт болатын тоқ сымдарына өте жақын орналасқан.

Тұрғындардың айтуынша сымдардың жақын болуы мүгедетікке әкеп соғып жатқан көрінеді. Көше тұрғындары тіркелген 1 емханада 75 пайызы т.рлі ауыр диагноздармен тіркелген.

Осы уақытқа дейін 29 адам онкологиялық аурулардан қайтыс болған, бұл республикалық көрсеткіштен 29 есе жоғары. Себебі осы сымдардың әсерінен радиация мөлшерден бірнеше есе жоғары.

Ал әкімшілік бұған қарамастан көшеде орналасқан 121 үйдің ешқайсы бұзылмайды, тұрғындарды ешқайда көшірмейміз деп мәлімдеген. Себеп – қаржының жетіспейшілігінде.

«Тек кәсіпорын өкілдерімен емес, жергілікті тұрғындармен де кездесу керек деген пікірлер оқыдым. Иә, толық келісемін. Көп жағдайды ішінен көрмесек, сырттай тон пішу оңай.
Байқоңыр ауданы, Биші қайын көшесінің тұрғындарымен кезедстім. Инфрақұрылым мәселесі өз алдына. Үйлер радиациясы жоғары электр сымдардың жанында орналасқанына 25 жыл болыпты. Тұрғындардың айтуы бойынша, бұл тіпті мүгедектікке, онкологиялық ауруларға да себеп болған.
Бұл мәселе тиянақты зерттеуді және қатаң қадағалауды қажет етеді», — деді Тұрлыханов.

 

№1 бір мандатты округ бойынша ҚР Парламентінің Мәжілісі депутаттығына кандидаттың Сайлау қорының қаражатынан төленді.

 

TuraNews

Back to top button