Саясат

Дәулет Тұрлыханов «Astana Ютария LTD» ұжымымен кездесті

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Дәулет Тұрлыханов өзінің сайлауалды штабының мүшелерімен бірге «Astana Ютария LTD» ұжымымен кездесуге барды. 

«Бүгін «Astana Ютария LTD» ұжымымен кездесуге бардым. Бұл — халыққа қажет киімдерді тігумен айналысатын, әлеуметтік маңызы зор кәсіпорын. 1500 адамды жұмыспен қамту мүмкіндігі бар болғанымен, бүгінде 340 тігінші ғана жұмыс жасайды. Күнделікті жұмысқа тасымалдайтын автобустары бар, жалақылары орташа есеппен 350.000 теңге.

Әйелдер қауымы әр істеріне өте тиянақты ғой, тіккен киімдерін көргенде «Осының барлығы бізде тігіле ме?»,-деп таңданып қалдым. Ашығын айтқанда, бізде мұндай ірі кәсіпорынның бар екенін, оның мүмкіндіктері туралы біле бермейміз ғой. Соңғы 4 жыл бойы Ресей нарығына киім тігеді екен. Өзімізде сұраныс аз, мемлекеттік тапсырыс та жоқ. Оған қоса ерекше экономикалық аймақта орналасқандықтан, орталық жылу жүйесіне де қосылмапты.

Кезінде еліміздің жеңіл өнеркәсібі өзгелерге үлгі болатын. Біз бұл салада өз көршілерімізден кем болмауымыз тиіс! Мемлекеттік қолдауды күшейтсек, өзекті мәселелерін шешуге көмектессек, 1200 әйел адамға қосымша жұмыс орнын ұсынуға болады. Отандық өнімді, жеңіл өнеркәсіпті, нәзік жандылардың маңызды жұмысын әділ бағалайық! Осындай кәсіпорындарды бірлесіп қолдайық!», — деді Тұрлыханов.

«Astana Ютария Ltd» Өндірістік инновациялық компаниясы «ЖШС 2014 жылы»Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламалары және ҮИИДМБ шеңберінде құрылды.

Шығарылатын өнімнің ассортименті 200-ден астам өнім түрлерін қамтиды. Бұл химия, мұнай-газ, металлургия, тамақ, фармацевтика, автомобиль өнеркәсібі, көлік және құрылыс, коммуналдық шаруашылық, қонақ үй кешені және басқа да көптеген салалардағы жұмысшыларға арналған арнайы киім.

№1 бір мандатты округ бойынша ҚР Парламентінің Мәжілісі депутаттығына кандидаттың Сайлау қорының қаражатынан төленді.

TuraNews

Back to top button