
«Қайраттың» жас шабуылшысы Дастан Сәтпаев Премьер-лиганың соңғы турында дубль жасап, маусымдағы гол санын 11-ге жеткізді.
Жоғарыдағы көрсеткіш Қазақстан чемпионатында жас футболшылар үшін сирек кездесетін нәтиже. Соңғы он жылда 10 голдан асыра соққан отандық ойыншылар саусақпен санарлық қана.
Мәселен, Асхат Тағыберген 2023 жылы «Ордабасы» сапында 11 гол соқса, Артур Шушеначев 2021 жылы «Қайрат» құрамында 12 голмен көзге түсті. Бұған дейін Абат Айымбетов (16 гол, 2019), Бауыржан Исламхан (11 гол, 2017) және Роман Мұртазаев (12 гол, 2016) секілді сұрмергендер шыққан.
Жас жұлдыз өз сұхбаттарында «нағыз футбол Еуропада басталады» деп айтқанымен, әрбір соққан добы «Қайраттың» чемпиондық жолында да, өзінің жеке жетістігінде де үлкен маңызға ие болып отыр.
Айта кетелік, Дастан келесі жазда ағылшынның әйгілі «Челси» клубымен келісімге қол қойып, Еуропада бағын сынауға дайындалып жүр.