ӘлемЭкономика

Данияр Амангелдиев: Қырғызстанда инфляция 10%-тен аспайды

2023 жыл қорытындысы бойынша, Қырғызстанда инфляция 10%-тен аспайды.

Бұл туралы «Кабар» агенттігіндегі баспасөз конференциясында Қырғыз Республикасы Экономика және коммерция министрі Данияр Амангелдиев жасады, деп жазады TuraNews.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап..

«Инфляциялық қысым жоғары болды, әлемдік конъектура азық-түлік бағасын түсіруге мүмкіндік бермеді, сұраныс жоғары болды. Әлемдегі инфляция деңгейі екі түрлі. Министрлер кабинеті жүргізген қазыналық саясаттың арқасында гиперинфляцияның алдын алдық. Жыл қорытындысы бойынша, инфляция 10 проценттен аспайды деп жоспарлап отырмыз», — деді министр.

Оның сөзінше, гиперинфляцияны болдырмау әлеуметтік маңызы бар тауарларды қосымша құн салығынан босату арқылы жүзеге асты.

«Есеп палатасы бюджет шамамен 60 млрд сом алмағанын атап өтті. Соған қарамастан, біз бұл қаржыны тұрғындардың табысын сақтап қалуға бағыттадық. Себебі бұл — азаматтарымыз төлеуі қажет қосымша салық болатын», — деп түсіндірді Амангелдиев.

 

TuraNews

Back to top button