Әлем
Дағыстандық шахматшы қарсыласын уламақшы болды
Махачкалада классикалық шахматтан өтіп жатқан Дағыстан чемпионаты кезінде жанжал шықты.
BILD Telegram арнасының мәліметінше, турнир алдында 40 жастағы шахматшы Әмина Абакарова (оң жақтағы суретте) каспийлік 30 жастағы қарсыласы Ұмайғанат Османованы (сол жақтағы суретте) уландырмақшы болған. Әйел термометрді сындырып, бәсекелесінің үстелі мен тақтайына сынап жағып кеткен.
Ойын барысында қарсыласының жағдайы күрт нашарлап, басы айналып, медициналық көмек қажет болды. Абакарованың қылмысы видеоға түсіп қалған. Ол жарыстардан шеттетілді.
Абакарова үш жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Әйел мұның себебін «жеке араздық» пен Османова тарапынан көрсетілген тәкаппарлықпен байланыстырды.