Қоғам
Дағыстан тұрғыны Атырауға 50 мың қап алып келді
Дағыстанның Хасавюрт қаласының маңындағы ауылда тұрады. Атырау облысына дейін 50 қап салынған сөмкелерді жеткізу үшін көлікпен 24 сағат жол жүрген.
Ресейдің Дағыстан Республикасында тұратын Омарасхаб Ахмедов Атырауға 50 мың қап алып келді.
Atyrau Press басылымы мәліметінше, Қазақстанда су тасқыны басталғаны және жағалауды нығайту жұмыстарына қаптар жетіспей жатқаны туралы ақпаратты оқығаннан кейін ер адам дереу көмекке баруды ұйғарған.
Ол қаптарды Атырау облысына жеткізу үшін 24 сағат жол жүрген.
«Бауырлас халықтың басына осындай күн туды, ешкімді күтпейін деп ұйғардым. Мен білген бойда сол түні бірден жолға шығуды ұйғардым», – дейді ол.