Технология

Цифрлық трансформация мен жасанды интеллект ұлттық стратегияға біріктіріледі – Қарин

Биылғы Президент Жолдауының біріктіруші идеясы – цифрландыруды кең көлемде дамыту және жасанды интеллектіні жаппай енгізу.

Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин өзінің әлеуметтік желідегі жазбасында атап өтті.

— Биылғы Жолдаудың біріктіруші идеясы — цифрландыруды кең көлемде дамыту және жасанды интеллектіні жаппай енгізу. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың түрлі салаларына цифрландыру мен жасанды интеллект құралдарын жеделдетіп енгізу міндетін жүктеді. Бұл қадамның барлығы жинақтала келіп, Қазақстанның жаңа Ұлттық цифрлық даму стратегиясына біріктіріледі, — деді Ерлан Қарин.

Мелекеттік кеңесші Жолдауда цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні енгізу ел үшін жаңа ұлттық идея ретінде айқындалатынын айтты.

    — Қазақстан жаңа технологияларды дамыту мен енгізуде кешенді әрі жүйелі шешімдер қабылдаған әлемдегі алғашқы елдердің бірі болып отыр. Бұл ретте Қазақстан болашақта технологиялық тұрғыдан дамыған мемлекет атануды көздейді. Осылайша, биылғы Жолдауда цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні енгізу біздің ел үшін жаңа ұлттық идея ретінде айқындалды, — деді ол.

Айта кетелік Қазақстанда жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке экономиканың барлық саласын жаңғырту үшін жаппай жасанды интеллектіні енгізу қажеттігін тапсырды.

TuraNews

Back to top button