БастыСаясат

Цифрлық кодекс Президент белгілеген мерзімде қабылданады — Мәдиев

Қазақстанның Цифрлық кодексі Мемлекет басшысы белгілеген мерзімде қабылданады.

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев айтты.

— Цифрлық кодексті Парламент Мәжілісі қарап жатыр. Оны пысықтау Мәжіліс жанынан құрылған құзыреттер орталығының негізінде жүргізілуде. Кодекс жобасы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде GitHub сайтында жарияланады. Құжат Мемлекет басшысы белгілеген мерзімде қабылданатын болады, — деді ол Үкімет отырысында жасаған баяндамасында.

Сондай-ақ ол «Alatau City» қаласына қатысты цифрлық жобалары жайлы айтты.

— «Alatau City» цифрлық қаласы бойынша жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, Smart City архитектурасы әзірленеді, сондай-ақ оның экожүйесінде криптовалютаны пайдалану үшін қажетті НҚА дайындалады, — деді министр.

Айта кетейік, күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында Қазақстанды үш жылда цифрлық державаға айналдыруды тапсырды.

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button