ҚоғамСаясатТехнология

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Алматы облысы тұрғындарымен кездесу өткізді

Бүгін Алатау қаласында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Алматы облысы тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қолжетімді интернет пен байланыспен қамтамасыз ету жобалары, сондай-ақ аймақтағы IT саласын дамыту мәселелері талқыланды.

Іс-шараға министрлік өкілдері, әкімдік, байланыс операторлары және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басшылығы қатысты. Тұрғындар байланыс және интернет сапасын арттыру сұрақтарына және де цифрландырудың басқа аспектілеріне қызығүшылық танытты.

Ж.Мәдиев алдағы уақытта Алатау қаласы және облыста министрлікпен коммуникация сапасын арттыру және инновацияларды енгізу бойынша жұмыстар жалғастынын атап өтті.

TuraNews

Back to top button