Түркияның «Хатайспор» клубында ойнайтын ганалық Кристиан Атсудың денесі жер сілкінісінен қираған үйлердің арасынан табылды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Бұл туралы жартылай қорғаушының агенті Мұрат Ұзынмехмен мәлімдеді.
«Өкінішке қарай, Кристиан Атсудың денесі табылды», — деп жазды ол.
31 жастағы Атсу былтырдан бері «Хатайспорда» доп тепкен. Сондай-ақ ол «Порту», «Риу Аве», «Челси», «Эвертон», «Борнмут», «Ньюкасл», «Витесс» және «Малага» командаларында өнер көрсетті.