Әлем

«Челси» АПЛ тарихында тұңғыш рет ауызашар берді

«Челси» «Стэмфорд Бридж» стадионында ауызашар беріп, осындай бастаманы жүзеге асырған Ағылшын премьер-лигасы тарихындағы тұңғыш футбол клубы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Жүздеген мұсылман жексенбі, 26 наурыз күні «Челси» аренасына барып, бірге ауыз ашты. Осылайша, «Стэмфорд Бридж» Ағылшын премьер-лигасында ашық ауызашар өткен алғашқы стадион атанды. Іс-шарада «Челси» тарихындағы тұңғыш қара нәсілді футболшы Пол Кановилл сөз сөйледі.

TuraNews

Back to top button