БастыТехнология
Trending

ChatGPT жұмысында ақау болды

ChatGPT чат-ботының жаһандық істен шығуынан кейін OpenAI инженерлеріне олқылықтарды түзетіп, жүйені қалыпқа келтіруге 2 сағаттан астам уақыт қажет болды.

3 қыркүйекте әлем бойынша пайдаланушылар OpenAI компаниясы әзірлеген жасанды интеллектке негізделген танымал ChatGPT чат-ботының жұмысында ауқымды ақауға тап болды. Қиындықтар сервис веб-нұсқада да, iOS пен Android жүйелеріндегі мобильді қосымшаларда да жауап бермей қалған кезде басталды, деп жазады Kazinform.

ChatGPT-тің барлық дерлік негізгі функциясы ақауға ұшырады: веб, мобильді және десктоп нұсқаларында. Барлығы 23 компонент зардап шекті, олардың ішінде: жүйеге кіру (Login), веб-интерфейс, iOS және Android мобильді қосымшалары, WhatsApp, телефон қызметі CHAT-GPT, іздеу, кеңейтілген деректерді талдау (Advanced Data Analysis), контекстік коннекторлар және т.б.

Көптеген пайдаланушы әлеуметтік желілерде жасанды интеллекттен жауап ала алмау және қосымшаның дұрыс істемеуі туралы жедел шағымдана бастады.

Downdetector порталының деректеріне сәйкес, шағымдардың ең көбі Нидерландтан түскен (2 700-ден астам). Пайдаланушылардың 82%-ы ChatGPT-тің жұмысына байланысты ақауларды, 15%-ы сайттың жұмысындағы проблемаларды, тағы 3%-ы қосымшаға кірудегі қиындықтарды тіркеген.

Чат-боттағы ақаулар Ұлыбритания, Германия, Италия, АҚШ, Жапония және басқа да бірнеше елде байқалды.

OpenAI компаниясы мәселе анықталған сәтте-ақ алғашқы ресми хабарламасын жариялап, тергеу жүріп жатқанын растады.

OpenAI инженерлері ақаудың себебін анықтап, оны жоюға кірісті. Астана уақытымен 17:23-те компания сервис жұмысының толық қалпына келгенін хабарлады.

Осылайша OpenAI чат-боты 133 минут бойы қолжетімсіз болды.

Бұл ChatGPT жұмысындағы алғашқы ірі ақау емес. Бұған дейін, 2025 жылдың маусым айында да техникалық қиындықтар тіркеліп, олар жедел шешілген болатын.

 

https://kaz.inform.kz/news/chatgpt-zhumisinda-akau-boldi-4e8975/

TuraNews

Back to top button