ӘлемТехнология

ChatGPT енді көреді, естиді және сөйлей алады

OpenAI компаниясының ChatGPT чат-боты енді «көреді, естиді және сөйлей алады» немесе айтылған сөздерді түсініп, синтетикалық дауыспен жауап беріп, суреттерді өңдей алады. Бұл туралы CNBC хабарлайды.

Компания мәліметіне сәйкес, чат-боттың бұл жолғы жаңаруы GPT-4 пайда болғаннан бергі – ең ірісі. Ол қолданушыларға ChatGPT мобильдік бағдарламасындағы дыбыстық әңгімелерге араласуға, бот жауап беретін бес синтетикалық дауыстың бірін таңдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар пайдаланушылар ChatGPT көмегімен сурет алмаса алады.

Жаңа бағдарлама ақылы қолданушылар үшін алдағы екі апта ішінде қолжетімді болады. Дыбыстық функцияға iOS және Android қосымшаларында шектеу бар, дегенмен суреттерді барлық платформада өңдеуге мүмкіндік жасалған.

Технология алыптары, әсіресе осы жазда, чат-боттарға жаңа қосымша ғана емес, жаңа қызмет қосуға да тырысып жатыр. Google өзінің Bard чат-ботының көптеген жаңалықтары бар екенін мәлім етті, ал Microsoft компаниясы Bing жүйесіне визуал іздеуді қосты.

Өз кезегінде сарапшылар жасанды интеллект түрлендіретін синтетикалық дауыстарға алаңдаушылық білдірді. Себебі олар сенімді дипфейк тудыруы мүмкін. Киберқауіпсіздік жүйесіне ену үшін дипфейкті қалай пайдалануға болатынына зерттеу басталып та кеткен.

Source
ҚазАқпарат

TuraNews

Back to top button