БастыМәдениетТуризм

Чаталхөюк: тарихтың тереңіндегі аналық үстемдікке негізделген қоғам

Түркиядағы археологиялық жаңалықтар адамзат тарихын қайта ой елегінен өткізуге себеп болуда.

Жуырда жарияланған генетикалық зерттеу нәтижесі бойынша, Кония өңіріндегі Чаталхөюк қалашығында осыдан 9 мың жыл бұрын өмір сүрген адамдар әйелдер тегі бойынша ұйымдасқан қоғамда өмір сүрген.

Ғалымдар 12 жыл бойы жүргізген зерттеу барысында 11 елден келген 47 маман 395 адамның қаңқасын зерттеп, 131 адамның ДНҚ-сын анықтаған. Осы нәтижелер негізінде Чаталхөюк тұрғындарының үйлерінде бір анадан тараған туыстар бірге тұрғаны, ал ер адамдар үйленгеннен кейін басқа жерге көшетіні анықталды. Әйел балалардың бейітінен ер балалармен салыстырғанда жиі құнды бұйымдар табылған. Бұл — әйелдердің әлеуметтік рөлі жоғары болғанын дәлелдейді.

Зерттеушілер Чаталхөюк әлеуметтік құрылым уақыт өте өзгергенін де айтады. Бастапқы кезеңде бірге жерленгендердің туыстық жақындығы жоғары болса, кейінгі кезеңде мұндай байланыстар сиреген. Бұл қоғамда асырап алу немесе тәрбиелеуге беру секілді мәдени тәжірибелердің артқанын білдіреді.

Қалалық өмірдің бастауы

Чаталхөюк — әлемдегі алғашқы қала типіндегі қоныстардың бірі. Бұл жерде төбесінен кірілетін үйлер қатарласа салынған. Үй ішіндегі қабырға суреттері, қабырғаға орнатылған мүсіндер, сондай-ақ аналық бейнедегі мүсіндер – бәрі бір қоғамда әйел бейнесінің ерекше маңызға ие болғанын көрсетеді.

Бұл жерден табылған мыңдаған жәдігерлердің бір бөлігі Анкарадағы Анадолы өркениеттері музейінде сақтаулы. Алайда Чаталхөюктің өзіне барып, сол көне өркениет мекендеген жерлермен жаяу аралау — ерекше әсер сыйлайды.

2023 жылы Чаталхөюкте заманауи ақпараттық және келушілер орталығы ашылып, тарихи маңыздылығы бар археологиялық кешенге интерактивті таныстырылымдар енгізілді.

Түркия — археологияның алтын ғасырына аяқ басты

Чатал Хуюк – Түркиядағы жалғыз көне мекен емес. «Болашаққа мұра» жобасы аясында ел бойынша археологиялық қазбалар барлық маусымда жүргізілуде. 2024 жыл «Археологияның алтын ғасыры» деп жарияланып, жүргізіліп жатқан археологиялық жобалар саны 765-ке жетті. Бұл көрсеткіш 2026 жылға қарай 800-ге дейін артады деп күтілуде.

Түркия – тек жағажайы мен табиғатымен ғана емес, терең тамыры бар тарихымен де саяхатшыларды баурайтын ел.

 

TuraNews

Back to top button