Түркияның көлік және инфрақұрылым министрлігі Чанаккале-Кепез аймағындағы орман өртіне байланысты Чанаккале бұғазында кемелердің оңтүстік-солтүстік бағыттағы қозғалысы уақытша тоқтатылғанын хабарлады, деп жазады Turanews.kz Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Қозғалыс екі бағыттан бір бағытқа ауысты.
«Жағалау қауіпсіздігі Бас басқармасының құтқарушы кемелері өрт теңіз жағалауын шарпыған жағдайда ықтимал араласуға толық дайын», — делінген министрліктің бұл туралы жасаған мәлімдемесінде.
Осыған дейін Грекияның солтүстік-шығысындағы Дадия ұлттық саябағында орман өртінен кейін 26 адамның мәйіті табылғаны хабарланды.