Экономика

Былтыр Өзбекстанда ең қымбат көлік нөмірі 74 мың долларға сатылған

2024 жылы Өзбекстандағы ең қымбат көлік нөмірі 965,3 млн сумға (шамамен $74,3) сатылған.

Өзбек республикалық тауар-шикізат биржасының мәліметінше, бір жыл ішінде VIP көлік нөмірлерінің сатылымы 43,6%-ға өскен. Атап айтқанда, былтыр өзбекстандықтар «Avtoraqam» сервисі арқылы 195 мыңнан астам қымбат нөмірді рәсімдеген.

Оның 97% жеке тұлғаларға тиесілі болса, қалған 3% компаниялар мен түрлі ұйымдардың үлесінде. Былтыр тіркелген ең арзан көлік нөмірі — 1,7 млн сум ($131).

Еске сала кетейік, 2024 жылдың 9 айында өзбекстандықтар 48,4 млн долларға VIP көлік нөмірлерін сатып алғанын жазып едік.

Таяуда Өзбекстанда электромобильдер үшін утильалым құны қымбаттайды.

 

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button