
Ташкент халықаралық әуежайында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерришті Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды, деп хабарлайды Өзбекстан премьер-министрінің баспасөз қызметі.

«БҰҰ Бас хатшысының Өзбекстанға ресми сапары 1 шілдеге дейін жалғасады. Оның барысында Өзбекстанның БҰҰ және оның институттарымен көп қырлы ынтымақтастығын одан әрі кеңейту және нығайту мәселелері, сондай-ақ жаһандық саясат пен аймақтық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады», денілген хабарламада.
Сондай-ақ сапар барысында БҰҰ Бас хатшысы бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралап, екіжақты кездесулер мен іс-шаралар өткізеді.