БастыҚоғамСаясат

БҰҰ Бас хатшысы Қырғызстанға сапармен барды

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қырғызстанға келді.

Қырғызстан СІМ мәлімдемесіне сәйкес, оны Ыстықкөл халықаралық әуежайында Қырғызстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Еділ Байсалов күтіп алды.

Сапар барысында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен және Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен екіжақты келіссөздер жүргізу, сондай-ақ БҰҰДБ жобаларының біріне бару жоспарланған.

«Тараптар БҰҰ аясындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын талқылап, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасады», -делінген хабарламада.

TuraNews

Back to top button