МәдениетСпорт

Бүркітші қыз Айшолпан құсбегіліктен ҚР чемпионатына қатысады

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында 2024 жылға арналған құсбегіліктен ересектер арасында басталған XVII ҚР чемпионатына әлемге танылған әйгілі бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы да қатысады.

ҚР Ұлттық спорт түрлері федерациясы мәлім еткендей, сайыпқыран баптаған саятшылар мен құсбегілікке қызығатын қауым үшін XVII ҚР чемпионаты өте тартысты өтпек.

8 ақпанда бастау алған құсбегілер арасындағы ел біріншілігі 12 ақпанға дейін жалғаспақ.

Аталған біріншілікке ителгі, бүркіт, қаршыға құстары қатысады. Жеңімпаздар арнайы кубок, диплом, медальдармен және түрлі қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Айтулы додада талай біріншілікте топ жарғандар өзара бақ сынасады.

Айта кетейік, бұл құсбегілер сайысында бар әлемді тәнті еткен бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы да өз өнерін ортаға салмақ. Біріншіліктің басты мақсаттарының бірі – ғасырлардан бері жалғасып келе жатқан ата дәстүрді ұмытпай, жаңғыртып, жаңа қырынан көрсету.

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button