Қоғам

Бурабайда қыз бен жігіт қарда жүретін көлікпен апатқа түскен: бойжеткен комада жатыр

Ақмола облысында қарда жүретін көлікпен ағашқа соғылған 24 жастағы қыз үш күннен бері ес-түссіз жатыр. Дәрігерлер оның жағдайы тым ауыр дейді. Ал көлік тізгінінде болған жүргізуші жеңіл жарақат алған, деп жазады Zakon.kz.

Оқиға Бурабай курортты аймағында болған. Зардап шеккен қыз мұнда демалуға келіпті. Қатты соққыдан ол ауыр дәрежелі жабық бас жарақаты мен шок алып, бас сүйегі сынған. Жағдайы тым ауыр болғандықтан, ота жасауға келмейтін көрінеді.

«Қазір науқас өте терең комада жатыр. Өздігінен тыныс ала алмайды. Тыныс алуы өкпені жасанды желдету аппаратымен қамтамасыз етілуде. Барлық медициналық шара жүргізіліп жатыр».Нариман Ермеков, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы

КТК дерегіне сүйенсек, қазір осы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қайғылы жағдайдан соң полицейлер қарда жүретін көліктерді тексеруге кірісті. Тәртіп сақшылары көлік иелеріне жолаушы тасымалдау кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керегін ескертті.

TuraNews

Back to top button