БастыТуризм

Бұқтырмада туризмді дамыту үшін жағажай абаттандылылып, жаңа саябақ салынбақ

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырмада туризмді дамыту үшін жағажай абаттандылылып, жаңа саябақ салынбақ, деп хабарлайды Turanews.kz сайты.

Бұған дейін өңірдің інжу-маржаны саналып келкен Алакөл қазір Шығыс Қазақстаннан бөлініп шыққан Абай облысының құрамында. Енді аймақ туризмін Бұқтырма жағалауында дамыту көзделіп отыр.

Осы мақсатта қандай жұмыстар атқарылатынын ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Марат Қабақов айтып берді.

«Бұқтырмадағы туризмді дамыту жұмыстары 3 кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезең биыл басталады. Онда Алтай ауданы Жаңа Бұқтырма кентінің орталық бөлігін абаттандырумен айналысамыз. Бүгінгі таңда жолдарды күрделі жөндеу және көшелерді абаттандыру бойынша жобалар әзірленді. Сондай-ақ, саябақ пен серуендеу аймақтарын жарықтандыру, көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі», — дейді ол.

Келесі жылдың соңына дейін жалғасатын жобаның екінші кезеңінде «Арбат» жаяу серуендеу аймағы салынып, қоғамдық жағажай абаттандырылмақ.

«Жұмыстар жер учаскелері рәсімделгеннен кейін басталады. Жерді алу мерзімі – осы жылдың мамыр айының басы. Содан соң Октябрьский кентіндегі қолданыстағы өрт сөндіру депосының аумағында 2 автокөлікке арналған өрт сөндіру бекеті мен гараж боксын салу көзделіп отыр», — дейді М. Қабақов.

Оның айтуынша, үшінші кезеңде Жаңа Бұқтырма кентінде жаңа саябақ салынады. Онда ойын алаңдары, вело-серуендеу аймағы, қоғамдық тамақтанатын орындар, концерттік сахна және сәулеттік нысандар болады.

TuraNews

Back to top button