Қоғам

Буллинг – заң бойынша жауапкершілік: Ұлытауда брифинг өтті

2025 жылдың 3 қыркүйек күні Ұлытау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Анар Қанатқызы Әлжанованың қатысуымен балалар мен жасөспірімдер ортасында буллингтің алдын алу шаралары тақырыбында брифинг өтті.

Спикер өз сөзінде Қазақстанда «буллинг» ұғымының 2022 жылы «Баланың құқықтары туралы» заңға енгізілген өзгерістер арқылы заңнамалық деңгейде бекітілгенін атап өтті. Буллинг — бұл балаға қатысты жүйелі түрде қайталанатын қорлау, қудалау немесе қорқыту әрекеттері, оның ішінде интернеттегі кибербуллинг те осы түсінікке кіреді.

2024 жылғы 16 маусымнан бастап елде кәмелетке толмағандарға қатысты буллинг пен кибербуллинг үшін тікелей әкімшілік жауапкершілік енгізілді. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске арнайы 127-2-бап қосылып, алғаш рет құқықтық деңгейде буллингке нақты санкциялар белгіленді. Енді бірінші рет анықталған жағдайда — ескерту немесе 10 АЕК мөлшерінде айыппұл, ал қайталанса — 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Анар Әлжанованың айтуынша, буллинг жасаған 12–15 жас аралығындағы жасөспірімдердің іс-әрекеті үшін ата-аналары жауап береді. 16 жастан бастап жасөспірімдер жеке әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ал 12 жасқа дейінгі балаларға тек тәрбиелік ықпал ету шаралары қолданылады.

Сонымен қатар, 2024 жылдан бастап ата-аналардың да жауапкершілігі күшейтілді: егер олар баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етпесе, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Мұндай талап буллинг жағдайында тек агрессордың ғана емес, кейде жәбірленушінің ата-анасына да қатысты болуы мүмкін.

Мектептерге қатысты талаптар да күшейтілді. Енді әрбір білім беру ұйымының педагогтары буллинг фактілерін жасырмай, міндетті түрде құқық қорғау органдарына хабарлауы тиіс. Хабарламаған жағдайда — 10 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. Бұл шаралар мектептерде ашықтықты арттырып, балалардың қауіпсіздігіне кепілдік беруге бағытталған.

Брифинг барысында буллингтің алдын алу мақсатында іске асырылып жатқан арнайы жобалар туралы да айтылды.

Олардың қатарында:

  • қазақстандық мамандар әзірлеген «ДосболLIKE» бағдарламасы;
  • халықаралық деңгейде тиімділігін дәлелдеген финдік KiVa бағдарламасы;

TuraNews

Back to top button