
Бұл туралы Үкіметтің ресми сайты хабарлады.
«Күн тәртібінде:
2024 жылғы қаңтар-қараша айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы;
Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төніп тұрған жануарларды сақтау.
Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді», -денілген хабарламада.
Отырыстың тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.
Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.