Мәдениет
Бүгін Түркияда 26 қыркүйек Түрік тілі мерекесі
26 қыркүйекте Түркияда 1932 жылы Гази Мұстафа Кемал Ататүрік бастамасымен тұңғыш Түрік тілі қорының ашылуының мерейтойына арналған «Түрік тілі мерекесі» атап өтіледі.
Осыдан 92 жыл бұрын, 1932 жылы Ыстанбұлдағы Долмабахче сарайында Бірінші түрік тілі құрылтайы өтті. Дәл осы күн түрік тілі күні болып жарияланып, құтты мереке жыл сайын ана тілінің маңыздылығын көрсететін маңызды оқиға ретінде аталып өтеді.
Түркияда Түрік тілі мерекесі түрік тілінің байлығы мен сұлулығын, сонымен қатар күнделікті өмірдегі және мәдени мұрадағы маңыздылығын көрсетуге арналған түрлі іс-шаралармен атап өтіледі.
Бұл күні түрік азаматтары түрік тілінің дұрыс әрі тиімді қолданылуына ерекше мән береді.