ӘлемБасты

Бүгін Түркия Республикасына 100 жыл толды

Бүгін 29 қазан Түркияның ұлттық мейрамы ‒ Республика күні аталып өтуде.

Республика күнін мерекелеу аясында ел астанасы Анкара және басқа ірі қалаларында арнайы іс-шаралар ұйымдастырылады.

Айта кету керек, осыдан бір ғасырға жуық уақыт бұрын Анадолыда ұлт көшбасшысы Кемал Ататүрік бастаған шет ел интервенттерінің жаулауынан азат етуге бағытталған ұлт-азаттық күрес жеңіспен аяқталды. Осылайша 1923 жылы 29 қазан күні Түркияның тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүрік ел Конституциясына өзгерістер енгізіп, Түркия республикасын жариялады. Дәстүр бойынша мерекелік шаралар елдің бас қаласы Анкарадағы Ататүрік кесенесінде басталды. Бұл жердегі шараның алғашқы легі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен өтіп, Ұлт азаттық күрестің барлық қаһармандарын құрметпен еске алады.

TuraNews

Back to top button