БастыҚоғам

Бүгін стандарттау саласының жұмыскерлері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді

14 қазан күні – Қазақстанда Стандарттау жұмыскерлерінің күні.

Бұл мамандардың қызметі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздік стандарттарын әзірлеумен байланысты. Олар заманауи нормаларды енгізуге, технологияларды жетілдіруге және отандық өнімге деген сенімді арттыруға зор үлес қосады. Стандарттау саласындағы жұмыс жоғары кәсіби біліктілікті, дәлдік пен жүйелілікті талап етеді. Бірыңғай сапа қағидаттарын сақтау өндірістің тиімділігі мен ел экономикасының тұрақтылығына тікелей әсер етеді.

Мереке құтты болсын!

TuraNews

Back to top button