БастыҚоғам

Бүгін — қасиетті Қадір түні

Рамазан айы аяқталуға жақын. Бүгін – күллі мұсылман халқы асыға күтетін қасиетті Қадір түні.

Бүгін – Қадір түні. Барша мұсылман қауымы осы қасиетті түнді асыға күтіп, дұға етіп, Алладан кешірім тілеп өткізеді.

Биыл Қадір түні сәуірдің 5-нен 6-на қараған түні деп бекітілді. Қасиетті Қадір түні ауыз ашқан уақыттан бастап, сәресіне дейін жалғасады.

Мұсылман қауымы үшін ерекше орын алатын бұл түн туралы Құран Кәрімнің «Қадір сүресінде» толық жазылған. Бес аяттан тұратын сүреде Құранның Қадір түнінде жерге түсірілгені жайлы айтылады. Сонымен қатар ол мың айдан да қайырлы болып есептеледі. Алланың бұйрығымен жерге түскен Жәбірейіл періште адамдарға қызмет етеді.

Қадір түнінде жел соқпайды. Айналада тыныштық орнап, жауын-шашын жаумайды. Бұл түні жерге түскен періштелер тастан да көп болып, олар адамдарға дұға етуге жәрдемеседі.

Қадір түнін ұйқысыз дұға етіп, құлшылықпен өткізген жөн. Ер адамдар мешітке барып, парыз намаздары мен нәпіл, қаза намаздарын жамағатпен бірге оқығаны жөн. Ал әйел адамдарға мешітке бару міндетті емес. Сондай-ақ Қадір түнінде садақа берген абзал. Биылғы жан басына бекітілген пітір садақа — 640 теңге. Ал ораза айт мерекесі 11 сәуірде өтеді.

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button