БастыҚоғам

Бүгін қасиетті Қадір түні

Қасиетті Қадір түні ауыз ашқан уақыттан бастап, сәресіне дейін жалғасады. Бүгін – Қадір түні. Барша мұсылмандар асыға күтетін қасиетті түнде дұға етіп, Алладан кешірім тілейді.

Бүгін мың айдан да қайырлы, бір жылдық тағдырлар жазылатын – Қадір түні. Бұл түні жасалған құлшылық – 83 жыл жасалған мінәжаттың сауабымен пара-пар. Сондықтан дұға-тілек қайтарымсыз қабыл болатын сәттерді ізгі амалмен, құлшылықпен өтікізгеніміз абзал.

2023 жылы сәуірдің 17-нен 18-не қараған түні Қадір түні болады. Қасиетті Қадір түні ауыз ашқан уақыттан бастап, сәресіне дейін жалғасады.
Мұсылман қауымы үшін ерекше орын алатын бұл түн туралы Құран Кәрімнің «Қадір сүресінде» толық жазылған. Бес аяттан тұратын сүреде Құранның Қадір түнінде жерге түсірілгені жайлы айтылады. Сонымен қатар ол мың айдан да қайырлы болып есептеледі. Алланың бұйрығымен жерге түскен Жәбірейіл періште адамдарға қызмет етеді.

 

TuraNews

Back to top button