
УЕФА Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңінде өнер көрсетіп жатқан “Қайрат” бүгін “Пафос” командасымен кездеседі, деп хабарлайды BasSport.kz порталы.
Матч Алматыдағы Орталық Стадионда өтеді, ойын сағат 21:45-те басталады.
Рафаэль Уразбахтин бастаған команда жалпы кезеңнің басында екі рет ірі есеппен жеңіліске ұшырады. Алдымен алматылық команда Португалияда “Спортингте (1:4), одан соң өз алаңында мадридтік “Реалдан” (0:5) жеңілген еді. Ал Кипр командасы “Пафос” болса, жалпы кезеңді сырт алаңда грекиялық “Олимпиакосқа” қарсы ойынмен бастап, матч тең есеппен аяқталған. Содан кейін өз жанкүйерлері алдында “Бавариямен” кездесіп, 1:5 есебімен ойсырай ұтылған.
“Қайрат” — “Пафос” матчын “Qazaqstan” телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Айта кетейік, УЕФА Чемпиондао Лигася жалпы кезеңі аясында алматылық клуб “Арсенал”, “Интер”, “Брюгге”, “Копенгаген” және “Олимпиакос” командаларына қарсы ойнайды.