БастыСаясат

Бүгін Өзбекстан президенті Астанаға келеді

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев «Орталық Азия – Италия» форматындағы саммитке қатысу үшін бүгін Астанаға барады.

Саммитке Орталық Азия елдерінің президенттері мен Италия Министрлер кеңесінің төрағасы Джорджа Мелони қатысады.

Ауқымды іс-шара барасында мемлекет басшылары өңірлер арасындағы ынтымақтастықты тереңдету, оның ішінде «жасыл» экономика, инвестиция, инновация және ғылым салаларындағы байланыстарды бекемдей түсу мүмкіндігін қарастырады.

Еске салайық, «Орталық Азия – Италия» саммитіне қатысу үшін бірнеше сағат бұрын Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Астанаға келді.

 

 

 

Via
Kazinform

TuraNews

Back to top button