Биыл ЮНЕСКО бұл күнді жасанды интеллектке арнап отыр. Өйткені, ЖИ технологиялары оқытудың адами және әлеуметтік аспектілерін алмастырмай, толықтыруы керек, деп хабарлайды TuraNews.kz.
Қазақстан да ЖИ дамытуға ерекше назар аударуда. Білім беру саласында экономиканың негізгі салаларына ЖИ енгізу үшін мамандар даярлауға бағытталған Al-Sana инновациялық бағдарламасы бар. AlemAI озық технологиялар орталығы ЖИ-мен байланысты бастамаларды, оның ішінде мектептерге, университеттерге және кәсіптік оқыту орталықтарына арналған білім беру бағдарламаларын іске асыру хабына айналмақ.