Қоғам
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
Республика бойынша найзағай ойнап, тұман түседі.

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 16 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстан территориясында жаңбырлы және желді ауа райын сақтайтын болады.
Осы күні еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, еліміздің солтүстігінде түнде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) болады. Республика бойынша найзағай ойнап, тұман түседі, жел күшейіп, оңтүстікте дауыл тұрады.