Спорт
Бүгін Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы матчын өткізеді

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінде жаңа жылдағы беташар матчын өткізеді, деп хабарлайды TuraNews.kz.
Жарысты екінші айналымнан бастайтын қазақстандық теннисші дүниежүзілік рейтингте 124-орында тұрған аустралиялық Оливия Гадекимен сынға түседі.
Бәсеке Астана уақытымен сағат 14.30-да басталады.
Жүлде қоры 1,7 млн доллардан асатын аталмыш додада Е.Рыбакина екінші ракетка болып тіркелген. Турнир жеңімпазы 220 мың доллар табыс тауып, 500 рейтингілік ұпайға ие болады.
Тағы бір қазақстандық, әлемнің 190-ракеткасы Денис Евсеев Канберра (Аустралия) челленджер турнирінің екінші айналымында рейтингте 167-орындағы чехиялық Якуб Меншикке жол берді – 4:6, 4:6. Сөйтіп, ширек финалға шыға алмады.