Мәдениет
Бүгін 1 наурыз – Алғыс айту күні

Алғыс айту күнінде жақсылық жасап, бейбітшілік пен достыққа, тыныштық пен ынтымаққа үндейтін мереке. Бұл күн отбасы мен жақындарына, достарына қамқорлық жасауға шақыруға болады.
Жалпы, Алғыс айту күні қиын-қыстау кезеңдерде қуаныш пен қайғыны қатар бөлісіп, пана бола білген қазақ халқына өзге ұлт өкілдерінің алғыс айтатын сәті.
Айта кетейік, 2016 жылдың 14 қаңтардан бастап 1 наурыз — елімізде Алғыс айту күні деп жарияланған. Дәл осы күні елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.