Саясат

Британ парламентарийлері Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанға келеді

Ұлыбритания парламенті Сыртқы істер комитетінің өкілдері Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанға бамақшы, деп жазады Turanews.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Өзбекстанда комитет мүшелері Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің өкілдерімен кездесіп, Ұлыбритания қолдайтын жобаларға қатысады. Комитет тиісінше Қазақстан мен Қырғызстанға бару үшін екі топқа бөлінді», — делінген Ұлыбритания парламентінің сайтындағы хабарламада.

Қазақстанда британ парламентарийлері Сыртқы істер министрлігінде, Энергетика министрлігінде және Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде, ал Қырғызстанда Сыртқы істер министрінің орынбасарымен және Жогорку Кенештің Халықаралық істер, қорғаныс, қауіпсіздік және көші-қон комитетінде кездесулер өткізеді.

«Осы жерде біз Орталық Азия елдеріндегі бірқатар адамдар мен ұйымдармен кездесіп, Ұлыбританияның аймақтағы мүмкіндіктері мен қиындықтары туралы түсінік қалыптастыру үшін олардың пікірін тыңдаймыз», — дейді Ұлыбритания парламенті сыртқы істер комитетінің төрағасы Алисия Кернс.

TuraNews

Back to top button