Басты

БҚО-да «Қазавиаспас» тікұшағы апатты жағдайда қонды

Мән-жайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті, деп хабарлайды Turanews.kz.

«Батыс Қазақстан облысында магистральді мұнай құбырын шолып қарау барысында «Қазавиаспас» тікұшағы апатты жағдайда қонды.Оқиға орнына аттанған мамандар себебін анықтайтын болады.

Әрине, мұндай фактілерге барынша жаупкершілікпен қараймыз. Борт сақтандырылған. Мерзімді техникалық қызмет көрсетуден 2023 жылдың қаңтарында өткен. Экипажбен телефон арқылы әңгімелесу болды. Бортта болғандардың барлығы тірі. Қандай да бір құтқару жұмыстарына бұл жағдай әсер етпейді», — деді Р.Иманқұлов.

Қазіргі уақытта Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық құтқару қызметтері, соның ішінде авиация штаттық режимде жұмыс жасап жатыр.

TuraNews

Back to top button