БастыҚоғам

БҚО-да бірнешереспубликалық маңызы бар бірнеше жол жабылды

Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты бірнеше жол жабылды.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалының мәліметі бойынша 16 қаңтар күні сағат 01.20-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың дұрыс көрінбеуі) республикалық маңызы бар Орал-Тасқала-РФ шекарасы (4-104 км), Самара-Шымкент (195-215 км, Ресей шекарасынан Орал қаласына дейін) жолдарында жүк және қоғамдық көліктер үшін шектеу қойылды. Мұның тағы бір себебі – Ресейдің көршілес Самара облысында да Самара-Большая Черниговка-ҚР шекарасы жолы жабық тұр.

БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сәйкес сағат 05.46-дан бастап боранға байланысты облыстық маңызы бар Теректі-Ақсай (0-82 км) жолы барлық көлік түрлері үшін жабылды.

Сондай-ақ «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалынан мәлім еткеніндей, сағат 09.20-дан бастап республикалық маңызы бар Чапаев-Жалпақтал-Казталов жолында (0-213 км, Чапаевтан Казталовқа дейін) барлық көлік түрлеріне шектеу қойылды.

 

 

TuraNews

Back to top button