Мәдениет
«Бозоқ» көне қаласының орнында ашық аспан астындағы музей пайда болады
Астана қаласының оңтүстік-батыс шетінде Бұзықты көлінің шығыс жағалауында орналасқан ежелгі тарихи қалашықта мұражай құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды Turanews.kz Jibek Joly арнасына сілтеме жасап.
«Бозоқ» мемлекеттік тарихи мәдени музей қорығының бас ғылыми инспекторы Ерболат Рахманқұлов, «412 гектар жерді алып жатқан тарихи ескерткіш аумағы толығымен қоршалады. Қос бүйірінен биіктігі 18, ұзындығы 140 метрге жететін қақпа орнатылады. Айнала салынатын қоршаудың жалпы ұзындығы 9 шақырымға таяу болмақ. Қазір құрылысшылар оның іргетасын қалап жатыр.» — деп мәлімдеді.