БастыЭкономика

Биыл Қазақстанда 82 мыңнан астам жеңіл автокөлік шығарылды

Тоғыз айда елдегі кәсіпорындар 82 мыңнан астам жеңіл көлік шығарды. Бұл туралы үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың айтуынша, Қазақстанда осы жылдың 9 айында 82 мыңнан астам жеңіл автокөлік шығарылған.

2028 жылға қарай отандық машина жасау өнімдерінің көлемін екі есе арттыруды жоспарлап отырмыз. Бүгінде елімізде өңдеу өнеркәсібінің экономикадағы үлесі тау-кен саласынан асып, тұрақты өсім көрсетіп отыр. Машина жасау саласы өңдеу өнеркәсібінің 20% үлесін алады. Саладағы 4 мыңға жуық компанияда 120 мыңнан астам адам жұмыс істейді, — деді министр.

Оның айтуынша, жыл басынан бері салаға 124 миллиард теңге инвестиция жұмсалған.

Осы жылдың тоғыз айында шамамен 124 миллиард теңге инвестиция тартылып, оның өсімі екі есе болды. Өндіріс көлемі 3 триллион теңгеге жетті. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша елде 82 мыңнан астам жеңіл автокөлік шығарылды, — деді Қанат Шарлапаев.

TuraNews

Back to top button