Экономика

Биыл Қазақстан мұнайы Әзербайжан арқылы тасымалданады

БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко биыл «Ақтау-Баку» бағытында мұнай тасымалдау іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды Turanews.kz.

ҚазАқпарат агенттігінің жазуынша, «Ақтау-Баку» бағытында мұнай тасымалдау іске қосылады.

Министрдің орынбасары Қазақстан өз аумағы арқылы өтетін барлық бағыттағы транзитке шектеу қоймайтынын мәлім етті.

«Бүгінде тек «Шығыс-Батыс» қана емес, «Солтүстік-Оңтүстік» бағыты да бар. Осыған дейін орта бағыт айтылды. Бірақ оңтүстік бағыт та бар. Ол Түрікменстан мен Иран арқылы өтеді. Былтыр президент Иранға барып, тауарды Түркия арқылы сол елге жіберу бойынша келісімдер жүргізді», — деді Роман Василенко.

Оның айтуынша, қазір мұнай экспорты бірнеше маңызды бағыт бойынша жолға қойылған.

«Оның ішіне Ресей арқылы өтетін бағыттар кіреді. Каспий құбыр консорциумы, «Атырау-Самара» құбыры, «Махачкала-Ақтау» бағыттары бар. Биылдан бастап «Ақтау-Баку» бағытындағы тасымалдау іске қосылады. Яғни, мұнай Әзербайжан арқылы тасымалданады», — деп түсіндірді ол.

TuraNews

Back to top button