БастыТуризмЭкономика

Биыл Өзбекстанға 11 миллион шетелдік турист келеді деп күтеді

Бұл туралы ел президенті Шавкат Мирзиеевтің төрағалығымен өткен бейнеконференция отырысында айтылды, деп хабарлады республика басшысының баспасөз қызметі.

Ақпаратқа сәйкес, жиын өңірлердегі туризм инфрақұрылымын жақсарту және шетелдік қонақтар ағынын арттыру мәселелеріне арналды.

«Жауапты тұлғалар биылғы жылы 11 миллион шетелдік туристерді тарту және туризм экспортын 2,5 миллиард долларға дейін арттыру мүмкіндіктерін жариялап, осы бағыттағы жұмыс жоспарларын ұсынды», — делінген отырыс қорытындысы бойынша мәлімдемеде.

2023 жылдың қазан айында Самарқанд қаласында Дүниежүзілік туристік ұйым форумы аясында жалпы құны 2,3 миллиард доллар болатын инвестициялық келісімдерге қол жеткізілді, оның аясында туристік инфрақұрылымды дамытуға және жаңа нысандарды құруға бағытталған жобалар жүзеге асырылмақ.

Атап айтқанда, Самарқанд облысының Шахрисабз ауданында 3 мың гектар аумақта шаңғы кешенінің құрылысы басталды. Мираки ауылының да бас жоспары әзірленуде, оның маңы тарихи және табиғи ерекшеліктерімен қызықты. Сонымен қатар, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы Шахрисабзды 2024 жылғы туристік астанасы деп жариялады.

«Сондықтан осы ауданда туризмді дамыту үшін бірқатар шаралар белгіленген. Ең алдымен, Шахрисаб қаласы мен Шахрисабз ауданында туристік кластер құрылады. Ұзындығы 33 шақырым болатын Хисорак-Гелон және Хисорак-Сарчашма жолы кеңейтіліп, жөнделеді. Чиракчи-Шуркудук автомобиль жолы жөнделеді, бұл Самарқандтан Шахрисабзаға дейінгі жол уақытын қысқартады», — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ, жастардың экстремалды туризмге деген қызығушылығының артуын ескере отырып, осы бағытты дамыту жөніндегі бағдарламаны қабылдау міндеті қойылды.

TuraNews

Back to top button