Туризм

Биыл жазда Астанадан Алакөлге «Тальго» пойызы қатынайды

Биыл жазда жылы Астана, Алматы қалаларынан, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан Алакөл бағытында 11 маршрут қызметін жалғастырады.

«Биыл Алакөл бағытында Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан 11 бағдар қатынайды. Алғаш рет «Астана-Достық» бағыты бойынша «Тальго» пойызы жүреді», — деп хабарлайды «ҚТЖ» компаниясы.

Былтыр Алакөл жағалауына теміржол көлігімен 243 мың жолаушы жеткізілген. Көбі еліміздің оңтүстік өңірінен барды – 118 мың адам. Солтүстік аймақтан көлге және кері бағытта 72 мың жолаушы, ШҚО-дан 52 мың адам тасымалданды.

2023 жылы жолаушылар орындарының санын 6%, яғни 276 мыңға дейін ұлғайту жоспарланып отыр, деп мәлімдеді компания.

Биыл туроператорлар үшін коммерциялық пойыздарға билеттерді ерте – пойыз жөнелтілгенге дейін 180 тәуліктен бастап брондау тәртібі күшінде болады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ әкімдіктермен, әуе компанияларымен және автотасымалдаушылармен бірлесіп Шымкент, Павлодар, Өскемен, Қызылорда қалаларынан Алакөл бағытында интермодальды тасымалдауды (көліктің екі немесе одан да көп түрімен тасымалдау) қалыптастыру мәселесін қарастырады. Интермодальдық тасымалды дамыту жөніндегі жұмыс тобы құрылады.

Source
Sputnik.kz

TuraNews

Back to top button