
Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында мәлім етті.
— Биыл түркітілдес елдердің арасында болашақ жұмысшы мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған алғашқы Түркскилз (Turkісkills) чемпионатын өткізу жоспарлануда.
Бұл іс-шараның түпкі мақсаты — әртүрлі саладағы үздік тәжірибелерді анықтап, экономикасы тығыз байланысты мемлекеттермен инновациялық шешімдермен алмасып, оларды өндіріске енгізуге жол ашатын алаң құру, — деді ол.
Министрдің сөзінше, аталған чемпионатта Түрксой ұйымының мүшелері қатыспақ.
— Түрксой ұйымының 2025 жылғы мәдени астанасы Ақтау қаласы таңдалғандықтан аталған іс-шара Маңғыстау облысы әкімдігімен бірлесе ұйымдастыру жоспарланып отыр, — деді ведомство басшысы.
Еске салсақ, Президент Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланғаны еді.