Биыл 3 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
2023 жылдың басынан бері 3 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап Turanews.kz хабарлайды.
Министрлік мәліметі бойынша, 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 3 134 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 110,1 мың этникалық қазақ оралды.
«Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (50%) Өзбекстаннан, 16,3% – Қытайдан, 15,9% – Ресейден, 8,4% – Түрікменстаннан, 4,5% – Моңғолиядан және 4,9% басқа елдерден. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (27%), Маңғыстау (16,6%), Түркістан (7,1%) және Жамбыл (3,6%) облыстарына, сондай-ақ Астана (10,5%), Алматы (7,6%) және Шымкент (6,5%) қалаларына қоныстанды», — деп жазды ведомстводан.
Биыл 1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 69,1% болды. Еңбекке қабілетті жастан кіші 22,7% және зейнеткерлер 8,2% болды. Еңбекке қабілетті жастағы кандидаттардың ішінен білім деңейі бойынша 20,1%-ы жоғары білімді, 40,9%-ы орта кәсіби білімді, 35,2%-ы жалпы орта білімді және 3,8%-ының білімі жоқ.