Елімізде 172 мың түлек мектеп бітіреді, оның ішінде 6,8 мың оқушы «Алтын белгіге» үміткер, деп хабарлайды Turanews.kz.
Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында айтты.
«Биыл Қазақстан мектептерінде 3,7 млн астам оқушы оқу жылын аяқтайды. 11-сыныпты – 172 мың түлек бітіреді, оның ішінде 6,8 мың түлек «Алтын белгіге» үміткер», — деді министр Үкімет отырысында.
Оқу жылының аяқталуы бойынша салтанатты шараны 1 маусымда – Балаларды қорғау күнін мерекелеу шеңберінде өткізу жоспарланған.
Аттестаттарды салтанатты табыстау биыл 20-22 маусым аралығында өтеді.
Сондай-ақ, қорытынды емтихандар 9-сыныптарда 4 пәннен 2-13 маусым аралығында, ал 11-сынып түлектері үшін 5 пәннен емтихан 5-19 маусым аралығында өтеді.